Ақтөбеде егде жастағы адамды қаққан жүргізуші екі күннен кейін ұсталды
Ол 26 жастағы тұрғын болып шықты
Ақтөбе облысында жаяу жүргіншіні қағып, көлігін жасырған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
24 желтоқсанда сағат 19:40 шамасында Ақтөбе-Орск автожолындағы аялдамаға жақын жерде белгісіз автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО жасаған автокөлік белгісіз бағытта ізін жасырған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан егде жастағы жаяу жүргінші ЖМЖА-ның жансақтау бөліміне жатқызылды.
26 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері осы жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Жүргізуші өз кінәсін толығымен мойындады. Үлкен жылдамдықпен келе жатып, жаяу жүргіншіні байқамағандығын түсіндірді. ЖКО-дан кейін сасқалақтап, оқиға орнынан кетіп қалған. Автокөлікті орман алқабына тығып қойғанын мойындады.