24.12.2021, 17:46
Жаңалықтар
Еркін күрестен ұлттық құраманың капитаны карьерасын аяқтады
«Олимпиада жүлдесін алсам» деген арманым орындалмады...»
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны Дәулет Ниязбеков спорт мансабын ресми түрде аяқтады. Бұл ақпаратты құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев мәлім етті, деп хабарлайды Olympic.kz.
«Токио олимпиадасында алған жарақатым оңай соқпады. Күреске еш ренішім жоқ. Шабатын жерге дейін шаптым. Күреске ықыласымды оятқан, жолымды ашқан, бар білігін үйреткен жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Иә, күреске тоймай кетіп барамын. «Олимпиада жүлдесін алсам» деген арманым орындалмады. Бірақ денемнен шығатын тердің бәрін сығып, барымды салып кетіп бара жатырмын деп ойлаймын. Осы дәрежеге жеткенім үшін де Аллаға шүкір», – деді Дәулет Ниязбеков.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
