$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2020, 21:04
Жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Қызылорда облысында өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қазгидромет мамандары Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Синоптиктер Қызылорда облысында өзен суы деңгейінің көтерілуі мүмкін екенін айтты. 

«Мұздық құбылыстарға байланысты Сырдария  өзені – Қазалы қаласы (Қызылорда облысы) су деңгейі 630 см дейін көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады», - делінген ақпаратта.

Мәліметте шекті деңгей 743 см деп көрсетілген. Яғни, бұл көрсеткішке жеткенде елді мекенді су басу қаупі пайда болады. Хабарламада су деңгейінің одан да көтерілуі мүмкін екені айтылған.

10 қаңтарда Қызылорда облысында тағы бір дабылды ескерту жарияланды.

«Өңірдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кейбір аумақта 15-20 м/с жетеді», - делінген ақпаратта.

Бұған қоса, ертең Түркістан облысында ауа райы бұзылады.

«Кей жерлерде тұман түседі. Күндіз кейбір аумақта оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласын түнде және таңертең тұман басады», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Қазгидромет синоптиктері 10 қаңтарда Қостанай облысында дабылды ескерту жариялады. Олар аймақтың кей жерлерінде тұман сақталады дейді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда ертең күн бұлтты, жауын-шашын болмайды, түнде -18℃, күндіз -14℃.

Алматыда 10 қаңтарда күн бұлыңғыр болады, түнде -8℃, күндіз -3℃ суық.

Шымкентте ертең күн ала бұлтты, ауа температурасы түнде -3℃, күндіз +7℃. Кешке қарай жел күшейеді.

Серіктес жаңалықтары