24.12.2021, 16:22
Жаңалықтар
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 82 661 өтінім қабылданды
Бағдарламаны іске асыру аясында 1,04 трлн теңге несие алуға 82 661 өтінім қабылданды
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 82 661 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
«2021 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,04 трлн теңге несие алуға 82 661 өтінім қабылданды.
Оның ішінде 594,5 млрд теңгеге 47 200 несие мақұлданды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)