$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресей мен АҚШ коронавирусты емдеуге арналған препараттарын шығаруды бастайды

АҚШ билігі 5 миллиард долларға Pfizer препаратын сатып алды

Ресей мен АҚШ коронавирусты емдеуге арналған препараттарын шығаруды бастайды

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған «МИР 19» препаратын тіркеді. Бұл туралы агенттіктің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ресейдің «Иммунология институты» Covid-19 инфекциясының терапиясына арналған этиотропты жоғары спецификалық вирусқа қарсы «МИР 19» препаратын ойлап тапты.

«Оның ерекшелігі – ол гендік деңгейде жұмыс істейді, атап айтқанда, адам геномына әсер етпей, вирустың РНҚ-ның өмірлік маңызды тізбегінің белсенділігін таңдамалы түрде басады. SARS-COV-2 вирусының геномын декодтау оның ішіндегі оңтайлы нысандарды анықтауға мүмкіндік берді», - деді Ресейдің ФМБА-ның профессоры Вероника Скворцова.

Мамандардың айтуынша, клиникалық зерттеулер барысында «МИР 19» препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденді. Яғни препарат адам ағзасына әсер етпейді, осыған байланысты пациенттерде жағымсыз реакциялардың дамуы анықталған жоқ. Тиімділікті зерттеу кезінде препарат «қызыл аймақтағы» ауруханада, covid-19 ауырлығы орташа дәрежесі бар науқастарда сыналған. Зерттеу нәтижесі бойынша стандартты терапиямен салыстырғанда препараттың тиімділігі басым екендігі дәлелденген екен.

Сонымен қатар, АҚШ та Covid-19-ды емдеуге арналған таблетка түріндегі алғашқы дәрі-дәрмекті тіркеді. Оны коронавирустың жеңіл және орташа түрімен аурып жатқан 12 жастан асқан науқастар қабылдай алады. Дәрінің өндірісімен әйгілі Pfizer компаниясы айналысады. АҚШ билігі қазірдің өзінде 5 миллиард долларға тапсырыс бергені белгілі болды.

Forbes.ru ұсынған деректерге сүйенсек, АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) Covid-19-ды емдеу үшін Pfizer таблеткаларын қолдануға шұғыл түрде рұқсат берді. Paxlovid -АҚШ-та мақұлданған коронавирусқа қарсы алғашқы дәрі.

Мамандар дәріні диагноз қойылғаннан кейін және симптомдар пайда болған сәттен бастап бес күн ішінде мүмкіндігінше тезірек тағайындау керек екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары