$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде боран мен көктайғақ болады 

 

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Синоптиктер 23 желтоқсанда боран мен көктайғақ болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтқанда, 23 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын болады деп күтіледі. Облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағандыда көктайғақ, боран болады.

Жезқазғанда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында боран соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда түнде боран соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с құрайды.

Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойысқан жел түнде шығыста, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

«Нұр-Сұлтанда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Көкшетауда көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылордада көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстіктен шығысқа ойысқан желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с құрайды.

Ақтауда көктайғақ болады. Солтүстіктен шығысқа қарай жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Алакөл маңында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде боран соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбеде боран болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, тау бөктерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

 
 
Серіктес жаңалықтары