$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша салымшының жинағынан аударылған ең үлкен сома - 96 млн теңге

Жыл басынан бері 62 944 қазақстандық БЗТ емдеуге жұмсаған

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша салымшының жинағынан аударылған ең үлкен сома - 96 млн теңге
Фото: Ашық дереккөзден

2021 жылдың басынан бері 368 979 қазақстандық жалпы сомасы 1,7 триллион теңге болатын бірыңғай зейнетақы төлемін пайдаланған. Зейнетақы жинағын тиімді пайдаланған салымшылар арасында Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бір жылдың ішінде елорданың 49 706 тұрғыны өз жинақтарын қолданған. Екінші орында Маңғыстау облысы (45 317), үшінші орында Алматы қаласы (44 038) тұр.

«Көш басында тұрған Нұр-Сұлтан қаласының азаматтарының зейнетақы қорынан алған сомалары 290 млрд-қа жуық теңгені құрайды. Салымшылардың аударған сомаларының орташа есебі – 5 млн теңге. Бір ғана салымшының аударған ең үлкен сомасы 96 млн теңге, ең аз дегені 10 мың теңге», - деді Басқарма төрайымы.

Сонымен қатар, Зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттары бойынша ең үлкен сұраныс – тұрғын үйді толық сатып алу (179 192 адам), Отбасы банк (56 476 адам) және өзге де екінші деңгейдегі банктер (34 316 адам) алдындағы қарыздарды өтеу бойынша түсті. Отбасы банкінен ипотекалық несие алу мүмкіндігі төртінші орында (21 906 адам).

Жыл басынан бері 62 944 қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеуге жұмсаған екен.

Серіктес жаңалықтары