$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Рақымшылық жасауға  11 мыңнан астам адам ілінеді

Ешмағамбетов рақымшылық қалай жүргізілетінін айтты

Рақымшылық жасауға  11 мыңнан астам адам ілінеді

 
 ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетовтің мәліметінше, алдын ала есептеулер бойынша рақымшылық жасауға 2 236 сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 мыңнан астам адам ілінеді. Оның ішінде 1 мыңға жуық адам бостандыққа шығады, 4 мыңға жуық адам пробация қызметінің есебінен толық шығарылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар, 1294 сотталғанның және пробация қызметінің есебінде тұрғандардың жаза мерзімнің өтелмеген бөлігі қысқарады.

Сондай-ақ, ізгілендіру актісі азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарға қолданылатынын, азаматтардың әлеуметтік осал санаттары – кәмелетке толмағандарға, егде жастағы әйелдер мен ер адамдарға, мүгедектігі барларға (1 және 2-топтар) ерекше назар аударылғанын атап өтті.
    Заңға сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен органдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде оның орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#рақымшылық