Қырғызстанның экс-президенті Ақаевқа Құмтор ісі бойынша жаңа айып тағылды
Оның серіктесі Ақаевтан барлық айыптау алынып тасталды деген болатын
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа Құмтор алтын кен орнын игеру жобасын іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жаңа айып тағылды, деп хабарлайды РИА Новости.
«Құмтордың ісі бойынша, оның ішінде Асқар Ақаевқа қатысты тергеу жалғасуда. Сонымен қатар, бұрынғы президент Асқар Ақаевқа 1992 жылы «Камеко» компаниясымен келісім жасасу және 2003 жылы «Құмтор» жобасын қайта құрылымдау эпизодтары бойынша жаңа айып тағылды», - деді Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі.
Айта кетейік, 14 желтоқсан күні Ақаев Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетіне жауап беру үшін Бішкекке барған болатын. «Құмтор» алтын кен орны төңірегіндегі сыбайлас жемқорлық туралы Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтан жауап алынған. Осыдан соң оның серіктесі Бекболот Талғарбеков «барлық айыптаулар алынып тасталды, жауап алу аяқталды. Ақаев Мәскеуге оралды» деген.
«Тергеу барысында Ақаевтың орталықта акциялары жоқ екендігі, ол Құмтордан пайда көрмегені анықталды. Енді Ақаев Қырғызстанға кез келген күні бара алады», - деді Талғарбеков.
Алайда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бүгін ТалғарбековтІң сөзін жоққа шығарды.