$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Nur Otan» партиясының маңғыстаулық белсенділері марапатталды

«Nur Otan» партиясының маңғыстаулық белсенділері марапатталды

Ақтауда «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай партиялық наградаларды салтанатты табыстау шарасы өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Нұрлан Ноғаев іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Саяси кеңес бюросының қаулысымен республика бойынша үздік 400 нұротандық партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Мерекелік шарада филиал төрағасы аталған төсбелгімен бірқатар азаматтарды марапаттады.

«Биыл тәу етер Тәуелсіздігімізге, қастерлі Азаттығымызға 30 жыл толады. Тарихи өлшеммен қарасақ, бұл – қас-қағым сәт. Дегенмен, осы аралықта Қазақстан егемен ел ретінде толық қалыптасып қана қоймай, зор жетістіктерге де қол жеткізіп үлгерді. Жас мемлекет ретінде алған асу, бағындырған белес аз емес. Бүгінгідей мерейлі белесімізде сол толағай табыстарымызды саралап, ой елегінен өткізудің маңызы зор. 30 жылда жеткен жетістіктердің барлығы алдыңғы буын ағаларымыздың арқасы. Егемендік алған жылдары елімізге бағыт-бағдар беретін азамат керек болғанда еліміздің таңдауы Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа түсті. Елбасының ұстанымын қолдап, еліміз елеулі жетістіктерге жетіп, дамыған 40 елдің қатарына қосылды. Қазіргі таңда халқымыздың қолдауымен және «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары жиынтығында айтылғандай саясаттағы сабақтастығымыздың арқасында Елбасы салған сара жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жалғастыруда», - деді Нұрлан Асқарұлы.

Марапатқа ие болғандардың қатарында  Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Айтқали Башенов, «Nur Otan» партиясы Бейнеу аудандық филиалының кеңесшісі Ерболат Бектілеуов, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің кеңесшісі Салтанат Қашағанова, партия ардагері Қошбай Қизамбаев, Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаты Абзал Марат, облыстық мәслихаттың депутаты Жұлдыз Мұханбетқалиқызы, «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Нұрсұлу Сейдалыева, «ForteBank» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Аббат Өрісбаев, партия ардагері Айман Өтекова,  Маңғыстау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлібекова және облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бар.

Серіктес жаңалықтары