Түркістанда газ құбырларын ұрлаған азамат қолға түсті

Azattyq Rýhy

Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді

Фото ашық дереккөзден

Түркістанда газ құбырларын ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Төле би аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында белгілі бір мекемеге тиесілі ұзындығы 240 метр болатын газ құбырларын белгісіз біреулер ұрлап кеткендігін көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 400 мың теңге.

Оқиға орнына дереу жеткен аудандық тәртіп сақшылары мекемеге орнатылған бейнекамера арқылы күдіктінің түр-тұлғасын анықтады. Полицейлерден шұғыл топ құрылып, жедел-іздестіру шараларының арқасында ұрлық жасаған азамат анықталды. Нәтижесінде аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні тұрғын үйінен ұстады.

Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Айғақты зат ретінде ұрланған құбырлар алынды.

 Алайда Төле би аудандық сотының шешіміне сәйкес, жәбірленушіге келтірілген шығынның өтелуіне орай екі жақтың ымыраға келіп, келісуіне байланысты медиация тәртібімен іс қысқартылды.



 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.