Атырауда жыл басынан бері түнде жүрген 1500 жасөспірім ұсталды
Олардың ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылды

Атырауда жыл басынан бері түнімен қыдырған 1500 жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент ақпаратына қарағанда, түнімен көше кезген 1500-ге жуық кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабымен әкімшілік жауапқа тартылған.
«Атырау қалалық полиция басқармасының тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ, өз балаларын тәрбиелеумен айналыспайтын ата-аналарды үнемі қадағалайды. Осыған байланысты жүргізілген рейдтердің нәтижесінде биылғы 11 айда кәмелетке толмаған 52 жасөспірімді, қолайсыз 28 отбасының 51 баласын басқарманың есебіне алды», -дейді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ерлан Биғамбаев.