Украинада пластик пакеттерді тегін таратуға тыйым салынды
Ал 2023 жылы Украина үкіметі целлофаннан мүлдем бас тартуды көздеп отыр

«Полиэтилен пакеттерінің айналымын шектеу туралы заңның» бірінші кезеңі бойынша Украинада пластик пакеттерді тегін таратуға тыйым салынды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Қазіргі күні бір целлофанның құны Украинада 1-ден 3 гривнаға дейін, яғни 48 теңгеге сатылады. Пластик пакеттерін азық-түлік дүкендерінде тегін таратқан кәсіпкер жазаға тартылады. Айыппұл көлемі 130 доллардан 1300 долларға дейін жетеді.
Ал 2023 жылы Украина үкіметі целлофаннан мүлдем бас тартуды көздеп отыр.
«Әрбір Украина тұрғыны жыл сайын 500-ге дейін бір рет қолданылатын сөмкелерді пайдаланады. Бұл пакеттердің өмірлік циклі бір сағат қана. Дүкенде тауар аласыз, содан үйге әрі қарай қоқыс жәшігіне апару, кейін оны полигонға барады, өйткені мұндай жұқа және жеңіл пакетті қайта өңдеу заңда қарастырылмаған», - дейді қоршаған орта және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушы Руслан Стрелец.
Укрина пластик пакеттерін пайдалануды шектеген және тыйым салған 87 мемлекеттің қатарына еніп отыр. Ал 2023 жылдан бастап ел үкіметі целлофанды айналымнан толығымен алып тастауды жоспарлайды.
«Полиэтилен пакеттерінің айналымын шектеу туралы заңның» екінші кезеңі бойынша 2023 жылы жұқа пластик пакеттер мен целлофандардың сатылымына толығымен шектеу салынады. Әр украиналық жылына қоқысқа 500-ге жуық целлофан пакет тастайды. Украинада оның 6 проценті ғана қайта өңделеді.