$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2020, 16:49
Жаңалықтар

Министрлік отандық әуе компанияларды Иран арқылы ұшудан бас тартуға шақырды

Қазіргі уақытта Иранның әуе кеңістігі арқылы екі қазақстандық әуе тасымалдаушы – «Эйр Астана» және «SCAT» тұрақты рейстер жасайды

Министрлік отандық әуе компанияларды Иран арқылы ұшудан бас тартуға шақырды
Фото: rtag.info

«Қазақстандық әуе компанияларға Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшудан бас тарту ұсынылды. Қазақстандық әуе компаниялар қалыптасқан жағдайға байланысты көрсетілген ұшуларды тиісті елдердің навигациялық қызметтерінің келісімі бойынша Иран әуе кеңістігіне баламалы әуе жолдары орындау мәселесін пысықтауда», - делінген ИИДМ Азаматттық авиация комитетінің хабарламасында.

«Эйр Астана» әуе компаниясына тиесілі ұшақтар Иран әуе кеңістігі арқылы Нұр-Сұлтан – Дубай (аптасына 5 рет) және Алматы – Дубай (аптасына 10 рет) бағыттары бойынша ұшады.

«SCAT» әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Алматыдан Медина мен Жиддəға (аптасына бір рет) екі тұрақты рейс және Алматы - Шарм Эль-Шейх және Шымкент – Шарм Эль-Шейх бағыттары бойынша екі тұрақты емес рейс орындайды.

Сонымен қатар, БАӘ әуе компаниялары «Fly Dubai» – (Дубай – Нұр-Cұлтан - аптасына 5 рейс, Дубай – Алматы - аптасына 7 рейс), «Etihad» (Абу-Даби – Нұр-Сұлтан, аптасына 2 рейс), «Air Arabia» (Шаржа – Алматы, аптасына 5 рейс) Иранның әуе кеңістігі арқылы Қазақстанға тұрақты рейстер (барлығы аптасына 19 рейс) жасайды. «Mahan Air» ирандық әуе компаниясы Тегеран – Алматы бағыты бойынша тұрақты түрде ұшады.

Серіктес жаңалықтары