$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Pfizer вакцинасының құны 50 мың теңге болады деген ақпарат тарады

ДСМ мұның жалған екенін айтып отыр

Pfizer вакцинасының құны 50 мың теңге болады деген ақпарат тарады

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Pfizer/BioNTech өндірген вакцинамен егілуге ниет білдірген қазақстандықтар үшін оның бағасы 50 000 теңгені құрайтыны туралы ақпарат таратуда. Бұл жалған деп жазады stopfake.kz.

Хабарлама авторы вакцинаның бағасын № 4 Алматы қалалық емханадан білген екен. Алайда емхананың өзінде бұл ақпаратты жалған деп атады.

«Бүгінгі таңда 4 қалалық емханада Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу жүргізілуде. Вакцинаның құны әлі белгісіз. №4 қалалық емхана дәрігерлеріне вакцинация құны туралы нұсқаулар берілген жоқ», – деп хабарлады мекемедегілер.

Сондай-ақ, олар 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer/BioNTech препаратымен тегін егіле алатындығын еске салды.
Демек, 50 000 теңге тұратын вакцинаның құны туралы ақпарат – фейк. Бүгінгі таңда оның вағасы әлі жарияланған жоқ.

Серіктес жаңалықтары