08.12.2021, 10:18
Жаңалықтар
Асқар Мамин ел Президентіне халық санағының нәтижесі туралы айтты
Қазақстанда әйелдердің үлесі басым
Бұрынғы фото
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.
Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.
Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:32
Өскеменде жол ортасында видео түсірген азамат жазаланды
26.09.2026, 15:00
«Дала дәмі» жәрмеңкесіне шығарылған ауылшаруашылық өнімі екі есе артты