«Жас сарбаз» ұйымы патриоттық шаралар санын көбейтпек
Елордада «Жас сарбаз – жастар жылында» жобасы атты жаңа жоба бастау алды. Бір айға жоспарланған патриоттық шаралар жиынтығының ашылу салтанаты бүгін ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде өтті.
Шарада «Жас сарбаз» клубына жаңадан қабылданған мектеп пен колледж оқушылары ант қабылдады.
«Биыл елордада «Жас сарбаз» әскери патриоттық ұйымының қалалық филиалы ашылды. Бүгінгі таңда барлық білім беру мекемелерінде әскери -патриоттық сыныптар, клубтар жұмыс істейді. Республика көлемінде алсақ елорданың көрсеткіштері өте жоғары», - деді Қоғамдық даму істері бөлімінің басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.
Айта кетейік, Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 132 әскери патриоттық клуб бар. Оған 5500- ден астам жастар мүшелікке өткен..
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан