30.11.2021, 10:51
Жаңалықтар
ДСМ: «Омикрон» штамына байланысты елімізде жаңа шектеулер енгізіледі
Коронавирустың жаңа мутациясы Оңтүстік Африкада пайда болған
Tengrinews.kz
Елімізде 3 желтоқсаннан бастап коронавирустың жаңа штамына байланысты шектеулер енгізіледі деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
Белгілі болғандай, жаңа «омикрон» штамының пайда болуын ескере отырып, оның республика аумағына әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия мынадай шешім қабылдады:
- Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
- «Омикрон» нұсқасынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада және Мысырдан келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-анықтама талап ету.
- «Омикрон» штамынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге оқшаулануы тиіс.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 16:42
«Үйімізге 22 жыл бұрын күннің нұры келіп еді»: марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы 11 қарашаны қарындасын еске алу күні деп бекітпек
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды