ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Сейсенбі күні елімізде құбылмалы ауа райы сақталады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазақстан территориясында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, республиканың оңтүстігінде кей жерлерде жауын-шашын, солтүстігі мен солтүстік-батысыңда – қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.