07.01.2020, 00:50
Жаңалықтар
Елордада өрттен екі адам зардап шекті
Олар қалалық ауруханаға жеткізілген
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан қаласында өрт болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД хабарлауынша, өрт елордадағы Субханберді көшесі, 8 мекен-жайы бойынша болған. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер «Тазалық» көлік жуу орнының ауданы 30 шаршы метрлік төбелік жабыны және «Land Cruiser» мен «Mitsubishi» маркалы екі автокөлік жанып жатқанын анықтаған.
«Өрт салдарынан екі адам зардап шекті. Олар №1 қалалық ауруханаға жеткізілді», - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Өрт сағат 17:37-де толығымен сөндірілген. Өрттің себебі анықталуда. Өрт сөндіруге барлығы 4 техника мен ТЖД жеке құрамының 20 адамы жұмылдырылды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді