$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-та бұғатталған Ұлттық қордың 536 млн доллар қаржысы Қазақстанға қайтарылды

2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулыны алған болатын

АҚШ-та бұғатталған Ұлттық қордың 536 млн доллар қаржысы Қазақстанға қайтарылды
Фото ашық дереккөзден

Ұлттық қордың 536 млн доллар мөлшеріндегі активтерінен бұғат алынып, еліміздің Ұлттық банкінің иелігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулыны алған болатын. Кейіннен ол Бельгияның бірінші сатыдағы сотының қаулысымен расталды. Bank New York Mellon банкінде орналастырылған Қазақстанның Ұлттық қорының 530 миллион доллар сомасындағы активтері 2018 жылғы мамырдан бастап бұғатталған еді.

«2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты төменгі соттың алаяқтық әрекеттері туралы тұжырымдары негізінде Бельгия аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімін толығымен жойды», –делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары