Алматы көшелері көктайғақ мұзға айналды
Шаһар тұрғындарына абай болу қажеттігі туралы ескертілді
Алматы көшелері көктайғақ мұзға айналды. Күндіз қар аралас жауын жауса, түнде ауа температурасы минус 8-10 градусқа төмендеген. Соның салдарынан мұз қатып, көше көктайғақ қауіпті жолға айналған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Көлік жүргізушілерін жылдамдықты төмендетіп, автомобиль арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және жылдам маневр жасамауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілерге тротуарда сақ болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауға кеңес береміз", – деді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы.
Ал қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тығырықтан шығудың жолы ретінде бірнеше ұсыныс жариялады.
"Әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз, аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс, қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі – адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылады", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.