24.11.2021, 11:20
Жаңалықтар
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды
Ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының әкімі болып Қанат Бозымбаев тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», - делінген «Ақорда» хабарламасында.
Ал Алматы облысының бұрынғы әкімі Президент Жарлығы бойынша қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды», - деп хабарлады «Ақорда»
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады