Қазақстанда орташа жалақы – 243,7 мың тг – зерттеу
Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 19,3%-ға артық
Осы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда халыққа берілетін кредиттер көлемі 9,6 трлн теңгеге, ал орташа жалақы 243,7 мың теңгеге жетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қарыздың 30,2%-ы – ипотека, 58,1%-ы – тұтынушылық кредиттер, 11,5%-ы – жеке тұлғалардың өзге де қарыздары.
Жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда орташа статистикалық қарыз 1,09 млн теңгені құрады, бұл ретте бұған көлемі бойынша «ауыр» ипотеканы, кепілсіз қарыздарды, автокредит беруді және басқаларды қоса алғанда барлық бөлшек қарыз кіреді.
Салыстырар болсақ, көршілес Ресейде 2021 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша халыққа берілетін қарыздар 23,5 трлн рубльді құрады, ал жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда бұл сома 325,5 мың рубльге жетті.
ҚР-да осы жылдың үшінші тоқсанында атаулы орташа айлық жалақы 243,7 мың теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 19,3%-ға артық. Ал Ресейде жалақы 53,8 мың рубльді құрады. Бұл өткен жылдан қарағанда 9,7%-ға көп.