Астанада КВИ-ға қарсы ревакцинация басталды

Azattyq Rýhy

Pfizer вакцинациясын 3 600-ден астам қала тұрғыны алды

Астанада КВИ-ға қарсы ревакцинация басталды

Нұр-Сұлтандағы медициналық ұйымдарда 9 ай бұрын коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтардың ревакцинациялау басталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, бүгіннен бастап медициналық қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен педагогтер қайта егіледі. Сондай-ақ, бұл тізімге медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері кірді.

«Бүгін біз ақпан-наурыз айларында алғаш болып екпе алған азаматтарды ревакцинациялауға кірісеміз. Сонымен қатар, 6 ай бұрын QazVac және қытайлық Vero Cell препаратының дозасын алған адамдар ревакцинацияға жатады. Компоненттер арасындағы аралықты сақтау өте маңызды. Біздің вакцинация пунктерінде бұл процедура үшін жеткілікті мөлшерде доза бар. Сонымен қатар, КВИ-ге қарсы вакцинамен ревакцинация жүргізуге болады», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Ол сондай-ақ, қалада Pfizer препаратымен вакцинациялау жалғасып жатқанын айтты. Pfizer вакцинациясы басталғаннан бері бір апта ішінде елордада жүкті әйелдер, 12-18 жас аралығындағы балалар мен бала емізетін аналар арасынан 3 600-ден астам қала тұрғыны егілді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірінші компонентпен вакцинацияланғандар саны 465 мың адамды құрады, екінші компонентті 427 мыңнан астам азамат алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.