Арал ауданында қуаңшылықтан 596 мал өлді
Облыстық бюджеттен 250 млн теңге қаражат бөлінді
Биылғы жазда су тапшылығынан Қызылорда облысының Арал ауданы қатты зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова малшылардың қазіргі жағдайы туралы айтты.
«Арал ауданы бойынша төтенше жағдай жарияланды. Облыстық бюджеттен 250 млн теңге қаражат бөлінді. Оның 50 млн теңгесі жол шығындары мен жем-шөпке жұмсалды. Қосымша Үкіметтен 1,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражат та малшыларға субсидия ретінде берілді. Жамбыл және Түркістан, Ақтөбе облыстары жем-шөп мәселесін шешуге көмектесті. Биыл қысқа 800 мың тоннадан астам жем-шөп керек болса, малшылар соның бәрін жинап үлгерді», ˗ дейді облыс әкімі.
Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы