ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысындағы «Үшарал-Достық» жолының 83-184 шақырымында, Көктума-Достық ауылдарының арасында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының «Тимирязево-Қостанай облысының шекарасы» жолының 0-32 шақырымы Тимирязево ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығы барлық көлік түрлері үшін жабық.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 599 арнайы техника жұмыс істеуде.

Жолшылар жүргізушілерге жол ережесін сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігін ескертеді.