$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Заң бұзғаны үшін қызметінен босатылған шенеунік сотқа арызданды

Ол сот арқылы қызметіне қайта алуды талап етуде

Заң бұзғаны үшін қызметінен босатылған шенеунік сотқа арызданды
Фото ашық дереккөзден

Заң бұзғаны үшін қызметінен босатылған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Болат Сүлейменов сот арқылы қызметіне қайта алуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аягөз ауданы әкімдігі мәліметінше, аудан прокуратурасы Болат Сүлейменов басқарған жер комиссиясының жұмысында мемлекеттік қызметкерді кемсітетін көптеген заң бұзу дерегін анықтаған.

"Мұндай теріс қылық ШҚО бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте ғана қаралады, сондықтан прокуратураның ұсынысы сол жерге жолданды. Әдеп жөніндегі кеңес тексеру жүргізіп, Сүлейменовті қызметінен босату түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс берді. Біз оны орындадық", - деп түсіндірді Аягөз ауданы әкімі аппаратының басшысы Қарлығаш Рысбекқызы.

Болат Сүлейменов бұл шешіммен келіспей, сот арқылы қызметіне қайта тағайындауды талап еткен. Дегенмен Қарлығаш Рысбекқызының айтуынша, аудан әкімінің бұрынғы орынбасарының әрекеті айтарлықтай ауыр болған.

"Айқын заңбұзушылықтар қатарында байқауға қатысушылардың біріне басымдық беру бар. Мысалы, бес қатысушы жер алуға конкурсқа қатысады, оның төртеуі бастапқыда конкурсқа жіберілмейді, нәтижесінде бесіншісі жеңіске жетеді. Бұл айқын басымдық, яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзу дерегі", - деді Қарлығаш Рысбекқызы.

 

 

Серіктес жаңалықтары