16.11.2021, 22:17
Жаңалықтар
Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужновты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Қамауда ұстау мерзімі 2021 жылдың 20 желтоқсанына дейін созылды
Фото ашық дереккөзден
Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
"Тергеу сотының 2021 жылдың 12 қарашасындағы қаулысына сәйкес прокуратураның өтініші қанағаттандырылды, И.Дужновқа қатысты қамауда ұстау мерзімі үш айға дейін, яғни 2021 жылдың 20 желтоқсанына дейін ұзартылды", - деді соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін тергеу сотының шешімімен Дужнов екі айға қамауға алынған.
20 қыркүйек кешке Алматы тұрғыны Игорь Дужнов отбасын үйден шығаруға келген адамдарға оқ атқан болатын. Салдарынан бес адам қайтыс болды: екі полицей, бір сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның өкілі.
Көп оқылған
24.02.2026, 12:18
«Мен 13 мамырда туғанмын»: Жетісуда жас келіншек полиция басшысымен соттасып, жеңіп шықты
24.02.2026, 09:58
«Прокурорлар алып кетті»: Шортандыда төрт бала ата-анасы бар бола тұра жетім қалды (ВИДЕО)
24.02.2026, 14:29
Павлодарда үш жасар қыз өз көзіне өзі қайшы сұғып алған