$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Степногорск мектебіндегі әлімжеттік оқиғасынан кейін спорт мектебінің директоры қызметінен қуылды

Ақмола облысының әкімі тағы бірнеше лауазымды тұлғаның жауапкершілікке тартылғанын айтты

Степногорск мектебіндегі әлімжеттік оқиғасынан кейін спорт мектебінің директоры қызметінен қуылды
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысының Степногорск қаласындағы спорт мектебіндегі оқушылар арасындағы әлімжеттік оқиғасынан кейін білім ордасының директоры қызметінен қуылды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев аталған мекемеге барған сапарында осындай тапсырма берген еді, деп хабарлайды  24.kz  арнасы.

Әлімжеттікке жол берген басқа да қызметкерлер жазаланады.

Аймақ басшысының айтуынша, қазан айында болған оқиғаға қатысты мектеп-интернаттың тек үш қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал мектеп директоры бұзақыларды оқудан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салған. Соққыға жығылған оқушылардың ата-аналары бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін қоғамның наразылығын тудырды.

Аталған оқиғаға байланысты мектеп-интернаты директоры жұмыстан кетсе, қала әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар облыстық спорт басқармасы басшысы қатаң сөгіс алды.

«Мемлекет бұл мектепті толық қамтамасыз етіп отыр. Мұғалімдердің жалақысы, балалардың тамағы мен киімі бәрі бюджеттен бөлінеді. Мұндай бассыздыққа жол берілуі басшылықтың дұрыс тәрбие мен идеологияны оқушыларға сіңіре алмауынан және жұмысқа селқос қарауынан туындап отыр. Қызметтен ол жай кете салумен құтылмайды. Жағдай үшін жауап беруі қажет», – дейді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

Естеріңізге сала кетейік, аталған білім ошағындағы 8-сынып оқушыларының өзінен кіші балаларды ұрып-соғып, ақша талап ету дерегі бойынша қылмыстық іс  қозғалған болатын.

Серіктес жаңалықтары