$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Аружан Саинның айыптауына жауап берді

Елорда әкімдігінің белгілі бір жеткізушіге артықшылық беруге және ваучер таратуға мүмкіндігі жоқ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Аружан Саинның айыптауына жауап берді
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі балалар омбудсмені Аружан Саинның «елорда әкімдігі тегін үйірмелер мен секцияларды тарату процедурасын ашық өткізбейді, "өз адамдарына" басымдық береді» деген айыптауына жауап берді.

Елорда әкімдігі өз жауабында белгілі бір жеткізушіге артықшылық беруге және ваучер таратуға мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар ұсынатын операторлар Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен ережелер аясында жобаны платформа арқылы жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде. 

"Әкімдік ұсынған оператор нақты жеткізушіге артықшылық беріп, ваучерлерді тарата алмайды. Платформаның қағидаттары бойынша баланың заңды өкілі жеткізушілерді өз бетінше таңдайды", - делінген әкімдік жауабында.

Сондай-ақ әкімдік Мәдениет және спорт министрлігіне барлық туындаған мәселелер бойынша арнайы хат жолдап, оларды жою жөнінде ұсыныстар айтылғанын алға тартты.

Қала басшылығының мәліметіне сүйенсек, елордада спорт үйірмелеріне тегін тартылатын балалардың саны бір мыңнан 17 мыңға дейін өскен.

 

Серіктес жаңалықтары