Грекия Ұлыбританиядан Парфенон шедеврлерін қайтаруды талап етті
Грекия премьер-министрі Мицотакис Парфенон мүсіндері гректер жерінде болуы тиіс деп санайды
Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис ЮНЕСКО-ның құрылғанына 75 жыл толуына орай Ұлыбританиядан 19 ғасырда елден шығарылған Парфенон шедеврлерін қайтаруды талап етті. Мүсіндер қазіргі уақытта Лондондағы Британ мұражайында. Бұл туралы Лента.ру хабарлады.
Саясаткер тарих пен мұраға өзара құрмет болмаса, халықтар арасында диалог болмайды деп түсіндірді.
"Менің ойымша, ұлттың өзіндік ерекшелігімен тығыз байланысты ескерткіштер осы ұлтқа тиесілі болуы керек. Осы себепті мен Лондонда орналасқан Парфенон мүсіндерін Афиныдағы Парфенон мүсіндер жинағының көп бөлігімен қайта байланыстыру қажет деп санаймын", - деді Грекия премьер-министрі.
Мицотакис мүсіндердің көп бөлігі Акрополь мұражайында көрмеге қойылғанын, олар ескерткішпен көрнекі түрде байланысты екенін, сонымен қатар қазіргі гректер мен олардың ата-бабалары арасындағы символдық жіп екенін атап өтті.
Премьер-министр ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық комиссиясы мәдени құндылықтарды қайтаруға ықпал ету үшін үлкен қадам жасағанын, бұл істің үкіметаралық екенін, сәйкесінше мүсіндерді қайтару міндеті Ұлыбритания Үкіметіне жүктелгенін айтты. Ол Біріккен Корольдікті Грекиямен адал диалог құруға шақырды.