05.01.2020, 11:59
Жаңалықтар
Зарина Дияс Гонконгте өткен ITF турнирінде жеңіске жетті
Гонконгта өткен турнирдің жүлде қоры – 25 мың АҚШ доллары
eurosport.com
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс ITF сериясы бойынша Гонконгта өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Зарина Диястың финалдағы қарсыласы - WTA рейтингінде 72 орында тұрған, осы турнирдің бірінші ракеткасы, қытайлық Чжу Линь.
Зарина Дияс қытайлық қарсыласынан екі сет қорытындысы бойынша 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.
WTA рейтингінде 77 орында тұрған енді Зарина Дияс алдағы күндері «Shenzhen Open» ашық турнирінде бақ сынайды. Оның бұл жарыстағы алғашқы қарсыласы – қытайлық Йин-Йин Дуань.
Бұл Зарина Диястың 10-шы жеңісі. WTA сериясы бойынша бір ғана рет (2017 жылы Токио), ITF сериясы бойынша 9 мәрте халықаралық турнирде жеңімпаз атанып отыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)
08.10.2026, 21:27
Непал мен Тибетте жоғалған қазақстандықтар туралы тың мәлімет шықты