Қар аралас жаңбыр, бұрқасын: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Еліміздің барлық аумағында жауын-шашын күтіледі
Елімізде 13-15 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«Еліміздің барлық аумағында жауын-шашын күтіледі. 13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын Солтүстік-Батыс циклонның терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бөлімдер айқындайтын болады. Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жыра республиканың барлық өңірін қамтиды, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі», - деп жазады «Қазгидромет».
Батыста ауа температурасы түнде -5-3 градус, күндіз -3-10 градус, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз -5-7 градус, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 1-10 градус, күндіз 2-10 градус болады деп болжанып отыр.