Табиғи апат: Италияның бір қаласы зардап шекті
Екі апта бұрын Сицилияның шығысында ауа райының қолайсыздығына байланысты апат режимі жарияланған болатын
Италияның Сицилия жеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы да қауіп орнады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy euronews.com-ға сілтеме жасап.
Аралдың батыс бөлігіндегі бірнеше ауданда өрт сөндірушілер мен еріктілерден тұратын құтқару топтары жұмылдырылды. Кем дегенде 22 отбасын шұғыл эвакуациялау туралы хабарланды. Жолдарда бірнеше автокөлік тоқтап қалды.
Агригенто префектісі жергілікті тұрғындарды үйден еш себепсіз шықпау керектігін хабарлады. Ал метеорологтар аймақтағы жаңбырлы ауа райы кем дегенде демалыс күндеріне дейін созылатынын ескертті.
Екі апта бұрын Сицилияның шығысында ауа райының қолайсыздығына байланысты апат режимі жарияланды. Ол кезде табиғи апаттан кем дегенде екі адам құрбан болды.