09.11.2021, 10:51
Жаңалықтар
Елімізде 22 мыңға жуық адам жалақысын ала алмай келген – Еңбек министрлігі
Министрлік 20,6 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 847 кәсіпорнында 21,9 мың жұмыскердің алдында 5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 118,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,6 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,9 млрд теңге төленді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты