Елорданың ірі сауда желілері азық-түлік бағасын төмендетті

Azattyq Rýhy

Бұған монополияға қарсы органның әрекеті ықпал еткен

 
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын – монополияға қарсы комплаенсті бұзудың алдын алу бойынша қабылданған шаралар шеңберінде "Magnum Cash&Carry" ЖШС сауда желілері "Скиф Трейд" ЖШС, "METRO Кэш энд Керри" ЖШС, "Анвар" ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшерін 15%-дан 10%-ға дейін өз еркімен төмендетті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілгендей сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Сонымен қатар, нарық субъектілері қабылдаған монополияға қарсы комплаенс әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу нарығындағы соңғылардың адал бәсекелестікті сақтау бөлігіндегі мінез-құлық қағидаларын белгілейді. Осылайша, аталған нарық субъектілері бәсекелестікті шектеуге бағытталған бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер мен картельдерге, оның ішінде өнімдерге негізсіз бағаларды белгілеу және ұстап тұру бойынша қатысуға жол бермеу бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

Нұр-Сұлтан қаласының шекараларында әлеуметтік маңызы бар өнімдерді өткізу нарығында жоғарыда көрсетілген субъектілердің үлесі 88%-ды құрайды, бұл оларға сатудың жалпы шарттары мен баға деңгейіне ықпал етуге мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы кәсіпкерлерді азық-түлікке жоғары үстемеақы белгілеу фактілерін уәкілетті органдарға хабарлауға шақырды.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.