$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

КВИ таралуы бойынша еліміздің 9 өңірі «жасыл» аймақта тұр

Өткен тәулікте республика бойынша 1328 адам коронавирус жұқтырған

КВИ таралуы бойынша еліміздің 9 өңірі «жасыл» аймақта тұр
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 6 қарашада жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің 4 өңірі әлі де «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтқанда:

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары;

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1328 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 947 250 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 27 адам көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары