Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 27 науқас көз жұмды
Елімізде өткен тәулікте 1328 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі 6 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 21 адам қайтыс болды.
6 қарашадағы мәлімет бойынша, 41 424 адам коронавирус инфекциясынан (–35 997 + және 5 427 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 411 пациент стационарда, 34 013 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
559 адамның жағдайы ауыр,
155 пациенттің жағдайы өте ауыр,
106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 4 қарашадағы мәлімет бойынша 116 жаңа жағдай тіркелді, 176 адам жазылып шыққан, 6 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 80 184;
- өлім жағдайы – 5065;
- барлығы 69 692 адам сауығып шықты.