$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ол ресми тұлға емес»: Мәдениет және спорт министрлігі «дикий» Арманның әрекетіне түсінік берді

Арман Жұмагелдиев Әлем чемпионатына қатысқан боксшыларға 2000 доллар таратқан болатын

«Ол ресми тұлға емес»: Мәдениет және спорт министрлігі «дикий» Арманның әрекетіне түсінік берді

Қылмыс әлемінің «серкесі» саналатын Арман Жұмагелдиевтің боксшыларға ақша таратқан видеосынан кейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бокс федерациясына ресми сұрау салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде «дикий» Арманның Қазақстан атынан шыққан әр спортшыға екі мың доллар (шамамен 840 мың теңге) таратқан бейнежазбалары тараған болатын. Аталған видеодан кейін Қазнет қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Арманды қолдаса, енді бірі Мәдениет және спорт министрлігінен аталған жағдайға байланысты түсінік беруді талап етті.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру федерация мен министрліктің ресми тұлғасына жатпайтын азаматтың жеке бастамасы.

«Қазақстан бокс федерациясы Белград қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді. Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар, оларға министрлік аталған факті бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мәдениет және спорт министрлігі бокстан ұлттық құраманың даярлығына, жиынына және халықаралық жарыстарына 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлген.

  • 1-орын үшін 15 000 АҚШ доллары;
  • 2 орын үшін 7 000 АҚШ доллары;
  • 3-орын үшін 5 000 АҚШ доллары.

Айта кетсек, желідегі шудан кейін бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаевтың Арман Жұмагелдиевпен бірге түскен видеосы тарады. Онда Арман әлем чемпионатына құрметті қонақ ретінше шақырылғанын және қазақ спортшыларына қолдау көрсетіп жатқанын айтты.

«Ұтылған спортшыларға ақша беріп жатыр деп шу шығып жатыр. Ол – өз қалтамнан берілген ақша. Спортшылардың еңсесі көтерілсін деп берілді. 18 жастағы мықты-мықты спортшылар бар, олар ұтылған жоқ, ұтты. Төрешілер тарапынан түрлі әрекеттер болып жатыр. Ертең олардың спорттан көңілі қалып, спортты тастап кетуі мүмкін. Жаман жағынан емес, жақсы жағынан істелген амал», - деді Арман Жұмагелдиев.

Серіктес жаңалықтары