$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыстағы Бұқтырма су қоймасы үстінен салынатын көпір құрылысы қаржы жетіспеушілігінен тоқтап тұр

Қажетті қаражаттың бөлінер, бөлінбесі әзірге белгісіз

Шығыстағы Бұқтырма су қоймасы үстінен салынатын көпір құрылысы қаржы жетіспеушілігінен тоқтап тұр
Фото ашық дереккөзден

Бұқтырма су қоймасының үстінен салынатын көпір құрылысы тұралап қалды. Бұған қаржының жетіспеушілігі себеп болып отыр, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Стратегиялық нысан құрылысына бастапқыда республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге бөлінген. Алайда қазір бұл қаржы аздық етіп тұр. Сондықтан жауапты басқарма тағы 20 миллиард теңге сұраған.  Бұқтырма су қоймасына көпір салу жөнінде 3 жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне нақты тапсырса берген еді. Президент пәрменінен соң жоба мақұлданып, тиісті жұмыстар басталған. Бірақ соңғы бір жылда құрылыс қарқын ала алмай келеді. Есесіне Күршім мен Зайсан ауданының халқы елу жыл болған ескі пароммен тағы қанша жыл жүретіндерін білмей дал. Бұл әсіресе азық-түліктің бағасына қатты әсер етіп тұр.

Жауапты басқарма мамандары бүгінге дейін көпір салынатын аумаққа электр жүйесі  тартылып, қосымша жол салынған. Бірақ былтырдан бері құрылыс материалдары бірнеше есеге өскен.

 Бұл көпірге жауапты мамандар құрылыс 2024 жылы аяқталады деп отыр.  Ал  үш жыл бұрын  басталған  Өскемен-Бұқтырма бағытында төтелеп салынуы тиіс 27 шақырым жолдың 10 шақырымы мен тау арасын қосатын көпір мүлде аяқсыз қалды. Бұл жол мен көпір 2019 жылы пайдалануға берілуі тиіс еді. Арада 2 жыл өтсе де бітетін түрі жоқ.

Бұл көпір мен жолға жоба бойынша 16 миллиард теңге қажет болған. Ақтау үшін тағы 2 жарым миллиард теңге керек. Бірақ құрылысты бастаған мердігер компанияның қазір бұл жерде ізі де жоқ. Ал қажет қаржы бөліне ме, жоқ па ол да белгісіз.
 

 

Серіктес жаңалықтары