$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзбекстанда Instagram және YouTube-қа кіру шектелді

Сондай-ақ, өзбек елінде енді Facebook, Telegram және "Одноклассники" желілеріне кіруге жол жоқ

Өзбекстанда Instagram және YouTube-қа кіру шектелді
Фото ашық дереккөзден

Өзбекстанның ақпараттандыру және телекоммуникация саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы елде бірнеше әлеуметтік желілерге, мессенджерлер мен бейнехостингтерге, соның ішінде Facebook, Telegram, YouTube, Instagram және "Одноклассники"желілеріне қолжетімділікті шектеді. Бұл туралы Podrobno.uz сайты хабарлады.

Билік әлеуметтік желілер жеке деректерді өңдеу ережелерін бұзды деп мәлімдейді.

Бұған дейін Өзбекстанда TikTok, ВКонтакте, Twitter, WeChat бұғатталған.

Қазан айының соңында Республика Президенті Шавкат Мирзияев Дербес деректер туралы заңнаманы бұзғаны үшін жазаны қатаңдату туралы Заңға қол қойды. Қылмыстық кодекстің тиісті бабы әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қызметіне тікелей қатысты ережелермен толықтырылды.

 

 

Серіктес жаңалықтары