02.11.2021, 15:58
Жаңалықтар
Қазақстандық сегіз жасар қыз жас модельдер байқауында бас жүлдеге ие болды
Ол осыған дейін де түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының сегіз жасар тұрғыны Мәриям Ишанғалиева «Супермодель-2021» жас модельдердің әлемдік байқауының бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Байқау Сочиде өтті. Оған әлемнің 25 елінен келген қыздар қатысты. Сайыс үш турда өтті: Визит картасы, дефиле және шығармашылық.
Байқауда Мәриям «Адай» күйімен ұлттық костюммен сахнаға шықты. Қазылар алқасының пікірінше, Қазақстаннан келген қыз лайықты жеңіске жетті.
Мәриям Ишанғалиева С.Мұқанов атындағы орта мектептің үшінші сыныбында оқиды. Сұлулық байқауларына осыған дейін де қатысқан. Ол түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр