КВИ таралуы бойынша елімізде 6 өңір «қызыл» аймақта тұр
Өткен тәулікте республика бойынша 1677 адамң коронавирус жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 24 қазанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің 4 облысы мен екі мегаполисі «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта: Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1677 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 928 221 адамға жетті.