Әлемдегі ең қымбат бренд анықталды

Рейтингке енген үздік 100 брендінің жалпы құны ˗ 2,3 триллион доллар

Фото ашық дереккөзден

Биыл Interbrand жүргізген рейтинг бойынша әлемдегі ең қымбат брендтердің «Топ-100-де» бірінші орынға Apple ие болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір жыл ішінде Apple компаниясының табысы 26 пайызға (408,3 миллиард долларға дейін) өскен. Екінші орында Amazon тұр. Бұл компанияның табысы биыл 24 пайызға өсіп, 249,3 миллиард доллар болды. Үздік үштіктің қатарына Microsoft еніп отыр. Өсім – 27 пайыз, 210 миллиард доллар. Табысы жағынан бестікке Google және Samsung компаниялары еніп отыр.

Рейтингке енген үздік 100 брендтің жалпы құны ˗ 2,3 триллион доллар. Бұл соманың 33 пайызы алғашқы үштікке кірген компанияларға тиесілі.

Биыл технологиялық компаниялардың табысы айтарлықтай өскен. Ең жылдам дамып келе жатқан бренд ретінде Tesla топ жарып тұр. Илон Масктың компаниясы 1 жылда табысы жағынан 40-орыннан 14-орынға көтерілген.

Сонымен қатар, рейтингте көрсеткіші кері кеткен компаняилар да бар. Мысалы, жылдық табысы жағынан Canon камера өндірушісі 14 пайызға және Zara киім желісі 9 пайызға төмендеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.