$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2021, 15:43
Жаңалықтар

Сот бұрынғы энергетика вице-министрлері Сәдібеков пен Жақсалиевті ақтады

Олар 2018 жылы қамауға алынған болатын

Сот бұрынғы энергетика вице-министрлері Сәдібеков пен Жақсалиевті ақтады

Судья Кемеңгер Имашев бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевке қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сотталушылар Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібеков Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі емес деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылық жоқтығына байланысты ақталды», - деді судья.

Қылмыстық іс 3 жылға созылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері Сәдібековті 2018 жылдың наурызында, Жақсалиевті маусымда ұстады. Оларға Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазалауға және санациялауға бөлінген 2 миллиард 680 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылған болатын.

Осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік экс-министрлерге қатысты тергеу ісінің басталғанын хабарлаған еді. 2018 жылдың наурызында Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысымен сөз байласқан деген күдік пайда болды. Агенттік Щучье-Бурабай курорттық аймағында көлді тазалауға бөлінген аса көлемде бюджет қаражатын ұрлағаны туралы мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары