$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2021, 10:36
Жаңалықтар

Түрмедегі бала шахмат турнирінде жеңімпаз атанды

Оларға спорттық киімдер мен үстел тенисінің ракеткалары сыйға берілді

Түрмедегі бала шахмат турнирінде жеңімпаз атанды

Алматыда жасөспірімдер арасында шахматтан өткен турнирде сотталған бала жеңімпаз атанды. Елдің әр өңірінде түрлі ауыр қылымыстар жасағаны үшін сотталған балалар ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде жазаларын өтейді. Түрмедегі балалардың көбі аса ауыр қылмыс жасағандары үшін ұзақ жылға сотталғандар. Шахмат турнирін өткізіп, оған сотталғандарды қатыстыру Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен өткен. Жарыста бас бостандығынан айырылған үш бала жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Карантин талаптарын сақтай отырып өткен шахмат жарысында бірінші орынды жазасын өтеуші жасөспірім А.Овсяников иеленсе, екінші орынды Б.Шілдебай, үшінші орынды Д. Мубараков жеңіп алды. Шахмат жарысының жеңімпаздары арнайы мақтау қағаздарымен марапатталып, оларға қосымша спорттық киімдер мен үстел тенисінің ракеткалары сыйға берілді. Жазалы балалардың турнирге қатысуына Алматы қаласы жастар саясаты, сонымен қатар Арсен Лес, Азамат Алишев, Дәулет Иманбердинов сынды жатықтырушылар белсене ат салысты. Турнир барысында сотталған балаларға шахмат ойынының шығуы туралы, шахматқа қатысты қызықты деректер мен бұл ойынның адамның ойлау жүйесін жетілдіруге тигізетін пайдасы жайлы да айтылды. Бұл шара жазалы балалардың жақсы іске ұмтылуға ынтасын арттыра түспек», - деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Сотталғандар арасында тәрбиелік, әлеуметтік, психологиялық жұмыс тобының бас маманы, әділет подполковнигі Шынар Хусайнова.

Адам өлтірмеген немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған жасөспірімдер сотталмайды. ҚР ҚК 81 бабының 7-тармағына сәйкес адам өлтірсе немесе терроризмге қатысты қылмыс жасаса ғана балалар 12 жылдан аспайтын мерзiмге сотталады.

Қазіргі уақытта ЛА-155/6 мекемесінде кәмелет жасқа толмаған елуден астам жасөспірім жазаларын өтеп жатыр. Олардың 38-і аса ауыр қылмыс жасаса, қалғандары ауыр қылмысқа барғандар. Балалық шағында бас бостандығынан айырылғандардың көбі ұзақ жылға сотталғандар. Жаза мерзімі 3-12 жыл аралығында.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары