19.10.2021, 09:41
Жаңалықтар
Қазақстанда ертеңнен бастап карантин талаптары жеңілдейді
Халықтың 70 пайыздан астамы екпе алды

Фото ашық дереккөзден
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин жеңілдетілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет отырысында министр эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын, сондай-ақ вакцинациялауға жататын халықтың 70 пайыздан астамы екпе алғанын айтты.
Нәтижесінде ВАК 2021 жылғы 20 қазаннан бастап рұқсат беру туралы шешім қабылдады:
- келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі.
- түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» статусы бар азаматтарға арналған, олардың толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ:
«жасыл» аймақта 100 адамнан аспауы тиіс;
«сары» аймақта 70 адамнан аспауы тиіс;
«қызыл» аймақта 50 адамнан аспауы тиіс.
- Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандардың жұмыс уақытын ұзарту:
- «жасыл» аймақта 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – 05:00-ге дейін;
- «сары» аймақта 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – 03:00-ге дейін.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
15.09.2025, 10:20
«Ойлашы, екі бірдей шәкіртің чемпион»: ӘЧ-дегі комментатор ерекше трендті қайталады (ВИДЕО)
15.09.2025, 11:00
«Делдал, есепші, агенттер де бар»: Атырауда зейнетақы жинағына «тіс емдеген» клиника басшылары ұсталды
15.09.2025, 23:59
СҚО-да қарт кісі үйін күтушісіне мұраға қалдырған: алайда немерелері сотқа беріп, жеңіп шықты
15.09.2025, 16:49
Жамбыл облысында санаулы күнде төбелестен екінші оқушы көз жұмды
Редактордың таңдауы
16.09.2025, 16:28
Көкшетау 7 мың гектарға ұлғаяды – Тоқаев қаланың Бас жоспарымен танысты