Атырау облысы «сары» өңірге қайта енді
Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 387 жаңа жағдайы тіркелді
Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына тағы да өзгеріс енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
2021 жылдың 19 қазанында матрица келесідей:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, сол сияқты Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Атырау облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта болған.
Өткен тәулікте (18 қазан) Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 387 жаңа жағдайы тіркелді.