Павлодар облысында шектеу енгізілгелі бері мемлекеттік шекарадан үш мыңға жуық адам өткізілмеген
Карантиндік стационарларға 4933 ҚР азаматы жатқызылған
Кеше 4 шет ел азаматы шекарадан кері қайтарылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Павлодар облысындағы мемлекеттік шекараның 4 автомобиль өткізу бекеті бақыланады.
«Шектеу енгізілген 2020 жылдың 19 қыркүйегінен бері Павлодар облысы арқылы елімізге 217 221 адам келді. 268 КВИ жағдайы расталды. Карантиндік стационарларға 4933 ҚР азаматы жатқызылды. Шет елдің 2790 адамы шекарадан өткізілмей, кері қайтарылды, - деді департаментте.
Ал өткен тәулікте шекарадан 674 адам өткен. 5 ҚР азаматы карантиндік орындарға жатқызылды.
Сондай-ақ 4 шет ел азаматының шекарадан өтуіне тыйым салынды. Олар: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары. Себебі ПТР зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтама көрсетпеген.